
Ғылыми семинар «Балалар зорлық-зомбылығының алдын алу мәселелері»
Өтетін орны: Шымкент қаласы, Желтоқсан к. 7, Ж.А.Тәшенов атындағы Университеті, Ақ үй, Конференц зал Өткізу уақыты : 07.02.2025 ж. сағат 11.00
07.02.2025 ж. Шымкент қаласында Ж.А. Тәшенов атындағы университетінің ұйымдастырумен «Балалар зорлық-зомбылығының алдын алу мәселелері» атты 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми- техникалық бағдарламалар бойынша ЖТН BR 27882414 «Зорлық-зомбылық құрбандарын қолдау және оңалту бағдарламасы: ресурстық модульдік орталықтар желісін іс жүзінде енгізу» жобасы бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми семинар өтті.
Ғылыми семинарда спикерлер:
- Ж.А.Тәшенов атындағы университеттің 1-проректоры Ғ.Ш. Битұрсын - «Қазақстандағы балаларға қарсы зорлық-зомбылықтың қазіргі таңдағы жағдайы»
- Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығы (Шымкент қ.) полиция полковнигі Т.Ж. Қаратаев - «Бұқаралық ақпарат құралдарының балаларға қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алу»
- Ж.А.Тәшенов атындағы «Бизнес және құқық» кафедрасының меңгерушісі з.ғ.к., асс.профессор Н.Р.Бижанов - «Зорлық-зомбылық құрбандарын қолдау және оңалту ресурстық модульдік орталықтарды жетілдіру»
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасының профессоры Г.М. Атаханова - «Қазіргі таңдағы кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық көрсетудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері»
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы С.Ш.Үркімбай - «Балаларға зорлық-зомбылық қылмыстық құқықтық бұзушылықтарды тергеу кезінде сот сараптамасын тағайынаудың теориялық мәселелері»
- Ж.А.Тәшенов атындағы университеттің педагогика ғылымының магистрі Г.И.Амандикова «Зомбылықсыз балалық шақ» - тренинг өткізіп.
Ғылыми семинардың мақсаты: Қоғамдағы балалар зорлық-зомбылықтың алдын алу, зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға көмек көрсету орталықтардың жұмысын жетілдіру, зорлық-зомбылықты түбегейлі жою, зорлық-зомбылықтың алдын алу болып танылады.
Ғылыми семинар қорытындысы: зорлық-зомбылық құрбандарын қолдау барысындағы орталықтың жұмысын жетілдіру, зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын жетілдіруді күшейту.